Мен – қазақ жерінде туып-өсіп, осы қасиетті елдің тәрбиесін көрген неміс этносының өкілімін. Сондықтан қазақ тілі мен үшін жай ғана мемлекеттік тіл емес, туғанөлкемнің үні, халқымның рухы, жүрегімнің тілі.
30 маусым күні Атырау облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығыныңұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында өткен«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауына қатысу бақытыбұйырды. Бұл сайыста Құрманғазы ауданының намысын қорғау мен үшін үлкенмәртебе әрі зор жауапкершілік болды.
Байқау барысында қазақ тілін білу деңгейіміз ғана емес, мемлекеттік тілге дегенқұрметіміз, ұлттық құндылықтарға деген көзқарасымыз, елге деген сүйіспеншілігімізсараланды. Әр қатысушының жүрекжарды ойы мен қазақ тіліне деген ықыласынкөріп, мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстыратын ұлы күш екеніне тағы бір мәрте көзжеткіздім.
Қазылар алқасының шешімімен І орынға ие болып, 150 000 теңге көлеміндегіақшалай сертификатпен марапатталдым. Бұл жеңіс – менің ғана емес, туғанҚұрманғазы ауданының мерейі деп білемін. Осындай сенім артқан жерлестерімніңүмітін ақтай алғаныма ерекше қуаныштымын.
Мен қазақ тілін тек қызмет барысында ғана емес, күнделікті өмірімде де қолданамын. Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеймін, ұлттық мәдениетін дәріптеймін. Ұстаз ретіндеде жас ұрпақтың бойына мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншіліктіқалыптастыруды өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Себебі мемлекеттік тіл – елді біріктіретін ең үлкен құндылықтардың бірі.
Аталған байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушыларға жасалғанжағдай, әділ бағалау, мазмұнды тапсырмалар мен жылы атмосфера әрбір жанғаерекше әсер сыйлады. Мұндай игі шаралар түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілгедеген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтуға зор үлес қосады.
Осы орайда, байқауды ұйымдастырған Атырау облыстық «Тіл» оқу-әдістемелікорталығының ұжымына шынайы алғысымды білдіремін. Осындай тағылымдыжобалар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оның қоғамдағы қолданыс аясынкеңейтуге қызмет ете беретініне сенімдімін.
Мемлекеттік тілді құрметтеу – Тәуелсіз Қазақстанды құрметтеу. Қазақ тілі – баршақазақстандықтарды бір мақсатқа, бір мүддеге біріктіретін алтын көпір. Сондықтанқазақ тілін білу – әрбір азаматтың мақтанышы мен абыройы болуы тиіс.
Мен үшін бұл жеңіс – мәреге жеткен жолдың соңы емес, мемлекеттік тілді насихаттаужолындағы жаңа белестің бастауы. Қазақ тілінің мерейі әрдайым үстем болып, көкбайрағымыздай биікте желбірей берсін!
Виктория Халменова, Құрманғазы ауданының Аналар кеңесінің мүшесі, Ақкөлжалпы орта мектебінің ұстазы неміс этносының өкілі


