«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақаш ауылдық округінде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Акция барысында ауыл ішіндегі өсіп кеткен арамшөптер шабылып, қоғамдық орындар мен көше бойлары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында аумақтар ретке келтіріліп, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылды.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

