Ұлттық спорт күні аясында аудандық кітапханада мазмұнды іс-шара өтті.
Аталған шараны орталық кітапхана мен аналар клубы бірлесіп ұйымдастырды. Таңғы уақытта аналар арасында тоғызқұмалақтан тартысты сайыс өтіп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Ұлттық ойынға деген қызығушылықтың жоғары екені анық байқалды.
Түстен кейін, Жаннұр Хамитқызы тоғызқұмалақ бойынша шеберлік сағат өткізді. Жеңімпаздар мен белсене қатысқан аналарға алғыс хаттарды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Алмас Қайыржанұлы табыстады. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Талшын Айдынғалиқызы, ІІ орынды Агиба Сарсенбайқызы, ІІІ орынды Маруся Құспанғалиқызы иеленді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл іс-шара көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

