Lotus RUN марафоны

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында табиғат пен мәдениетті ұштастырған Lotus Fest фестивалі өтіп жатыр.

Фестиваль аясында спорттық, мәдени және ойын-сауық бағытындағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Lotus RUN марафонына 100-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар қатарында түрлі жастағы тұрғындар бар.

Аудан тұрғындарынан басқа Атырау қаласынан келіп арнайы қатысып жатқан жастар да бар. Ең жас қатысушы - 12 жаста болса, ең үлкені - 82 жастағы ардагер. Марафонға қатысушылардың барлығына арнайы медальдар табысталды.

“Фестивальге жиі қатысып тұрамын. Балаларым мен немерелерім де осындай шараларға белсенді қатысады. Бүгінгі фестиваль аясында жастармен бірге жүгіруге арнайы келдім. Жүгіру - денсаулыққа пайдалы, сондықтан үнемі қозғалыста болуға тырысамын”, - деді марафонға қатысқан ардагер Мадат Сәрсекеев.

Фестиваль бағдарламасында туристік сайыстар, қайықпен серуендеу, сауда және қолөнер жәрмеңкелері, концерттік бағдарламалар мен түрлі мәдени шаралар қамтылған. Сонымен қатар қонақтар Құрманғазыдағы ерекше табиғи нысан - лотос алқабын тамашалап, су үстінде серуендеп, табиғат аясында уақыт өткізуге мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT