Аудандық коалицияның өкілдері Нұржау ауылында орналасқан Нұржау жалпы орта мектепте болып, білім беру саласының өкілдерімен кездесті. Аудандық коалиция өкілдерінің қатарында облыстық мәслихат депутаты Замзагүл Карсакова, коалиция мүшелері Балағазы Иманғалиев, Берік Анесов
Кездесуде ұстаздар қауымына конституциялық реформалардың негізгі бағыттары таныстырылып, олардың қоғам дамуына, әсіресе білім беру саласына тигізер ықпалы жөнінде кеңінен айтылды. Коалиция мүшелері білім мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екенін атап өтіп, жаңа реформалар білім саласын жетілдіруге, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға және жас ұрпақтың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын жеткізді.
«Білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Сондықтан конституциялық реформалар аясындағы білім беру саласына қатысты бастамалардың маңызы зор. Мемлекет ұстаздардың мәртебесін көтеріп, олардың еңбегін лайықты бағалауға ерекше көңіл бөліп келеді. Мұғалімдер қоғамның рухани тірегі, болашақ буынды тәрбиелейтін негізгі күш. Сол себепті бүгінгі реформалардың басты мақсаты білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік беретін берік құқықтық негіз қалыптастыру», – деді кездесуде коалиция мүшесі Берик Анесов.
Жиында ұстаздар тарапынан да сұрақтар қойылып, өзекті пікірлер айтылды. Коалиция өкілдері әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.

