Қыз тәрбиесі отбасынан басталады

(0 Votes)

Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінде «Қыз әдебі – тәрбиелі анадан» атты Орлы ауылдық ардагерлер кеңесі, әжелер кеңесі, аналар кеңесімен біріккен тәрбие шарасы өтті.

Оған қонақ ретінде аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Орынша Құмарғалиева бастаған әр округтің әжелер кеңесінің төрайымдары, Орлы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исағали Рысқалиев, ақын, жазушы Нұрлығайын Нұғманов, еңбек ардагерлері Амангелді Хилауов, Мәлік Матыбаев, Теміржан Матаев, әжелер Жібек Хисметова, Нәсіп Хисмеденова, Бақытжан Нухова, Сәбила Ибраева, Мария Көшенова, Маруа Хасанова қатысты.

Мектеп директоры Рафхат Мукушев, аналар кеңесінің төрайымы Армангүл Хилауова қонақтарға қош келдіңін айтып, «Ана қадірі» атты бейнеролик тамашаланды. Бейнеролик бойынша ата-әжелерге, аналарға сұрақтар берілді.

Олар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысып отырған оқушы қыз балалар өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қонақтарға қойып, мағыналы жауаптар алды. Мектептің қол өнер шебері Гүлнар Наурызбекқызы өзінің жасаған бұйымдарын таныстырды.

Әжелер мен аналарға аяқталмаған қолөнер туындыларын жалғастыруды ұсынды. Тәрбие шарасы одан әрі ән-күйге, биге жалғасты.

Кеш соңында ауыл ақсақалы Амангелді Хилауов оқушыларға өз батасын берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT