Ауданымызға қарасты Кудряшов ауылдық округін көктемгі су тасқынынан қорғау үшін бөгетті қосымша көтеру мақсатында 186 адам, еріктілерден 120, Құрманғазы ауданы ТЖБ 23 қызметкер көмекке келді.
Жұмыс басында аудан әкімі Абат Жанғалиев бастаған аудан әкімдігі аппараты, мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева, “Аманат” партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин, ауылдық округ әкімдері болды. Техникалардан
2 погрузчик, 6 камаз, 2 трактор жұмылдырылып, 8000 қапқа топырақ толтырылып, су шайып кету қаупі бар жерлердің бөгеттері биіктетілді.Кудряшов ауылында 2100 тұрғын бар, тұрғын үй саны 560, бөгет ұзындығы 7 шақырым. Су деңгейі қазіргі уақытта 268 см. Қауіпті деңгей 518см.
Қазіргі уақытта қосымша 1 погрузчик, 5000 қап әкелінді, сонымен қоса 1020 тонна топырақ төгіліп, 4000 қап қапталып жаға бойына төселді. Бұл жұмыстарды Кудряшов, Сафон ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен қоса Панфилов, Қадыр Мырза Әлі, Ғ.Мүсірепов мектептерінің, Қазтрансаймақ ұжымы, “Ер Қосай батыр” заставасы жұмыла атқарды. “Атырау Жарық” мекемесінен 60 қызметкер ауызбіршілікпен жұмыс атқарды.

