“Жас сақшы” полиция сыныптарын құрудың басты мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз ісіне адал аға буын қызметін жас ұрпаққа дәріптеу. Осыған орай, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі Жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы полиция капитаны Роман Насихан Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбымен кездесті.
Кездесу барысында балалар полиция қызметі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, интернеттегі қауіпсіздік және жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді. Тәртіп сақшысы қызметте тәртіптің, заңға құрметтің және интернеттегі қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті.


- Балалар, сіздер елдің болашағысыздар. Құқыққа және тәртіпке адал болып, әр ісіңізбен мақтанышқа лайық болыңыздар, – деді Жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы Роман Насихан.
Шара соңында «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларына арнайы куәліктер табысталды.

