МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ұлттың рухы, халықтың мақтанышы, мемлекетіміздің мәртебесі.
Халқымыздың өткені мен бүгіні, арманы мен мақсаты тоғысқан қасиетті нышандарымыз, ұлтымыздың рухы, елдік сананың көрінісі болған мемлекеттік мереке «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ» орай орталық демалыс алаңында «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты шара өтті. Шара салтанатты ту көтеру рәсімімен басталды. Салтанатты рәсімді аудан мақтаныштары : Бокстан Біріккен Араб әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы Мансур Амантай және «Үздік спортшы - 2025», Қазақстан WU-17 құрамасының, «Атырау» футбол клубының ойыншысы, Әйелдер лигасының үздік жас ойыншысы Жұмажанова Ботагөз Жасұланқызы орындады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған соң, аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы Құрманғазылықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, аудан өнерпаздарының патриоттық сезімге толы әндерімен жалғасын тапты.
МЕНІҢ ТУЫМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
#МЕНІҢТУЫММЕНІҢМАҚТАНЫШЫМ
#РәміздерРухы
#КонституцияКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МеніңТуымМеніңМақтанышым
#ТуымызТөрімізде
#МеніңТуым


