Құрманғазы ауданында 28 шілде мен 7 тамыз аралығында өткен футзал лигасының жеңімпаздары бүгін Lotus Fest фестивалі аясында марапатталуда.
Биылғы додаға жалпы 35 команда қатысып, үш лигада бақ сынады.
Атап айтқанда, 40+ жас санатында - 9 команда, Бірінші лигада - 13 команда, ал Премьер-лигада - 12 команда өнер көрсетті. 14 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан Құрманғазы футбол лигасының басты мақсаты - аудан спортын дамыту, тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Бүгін фестиваль алаңында әр лига бойынша үздік үштікке енген командалар марапатталуда.
40+ лига:
🥇 1 орын - PTC
🥈 2 орын - Теңіз
🥉 3 орын - Мон-Бан
Бірінші лига:
🥇 1 орын - Әлім Кете (Сафон)
🥈 2 орын - Амангелді
🥉 3 орын - Ақкөл
Премьер-лига:
🥇 1 орын - Теңіз
🥈 2 орын - Ақкөл
🥉 3 орын - Мон-Бан
Құрманғазы футбол лигасы жыл сайын ұйымдастырылып, аудан тұрғындары арасында




