Құрманғазы ауданында ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр

(0 Votes)

Бүгін Құрманғазы ауданындағы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтерінде ауыл әкімдерін сайлау өтуде.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, дауыс беру процесі басталды. Учаскелерде барлық қажетті жағдай жасалып, тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін келуде.

№188 сайлау учаскесіне қарасты Көптоғай ауылдық округі бойынша 714 сайлаушы тіркелген. Округ әкімі лауазымына үш кандидат бақ сынауда. Қазіргі уақытта сайлаушылардың шамамен 50 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген.

Сайлау науқаны қалыпты жағдайда, қоғамдық тәртіп сақтала отырып өтуде. Тұрғындар белсенділік танытып, ауылдың болашағына қатысты өз таңдауларын жасауда. Сайлау барысында қандай да бір заңбұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлар тіркелмеген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT