Қазақстан Республикасының Конституциясының 36 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті екендігі көрсетілген.
Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты елді мекендердің Мемлекеттік шекара маңына тығыз орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, Мемлекеттік шекара маңындағы тұрғылықты, шаруашылықпен айналысушы және келіп-кетуші азаматтар назарына тағы бір рет Мемлекеттік шекара күзетінің маңыздылығы мен тәртіптері туралы тоқталып өтуді жөн көрдік. Әрбір мемлекеттің өз Тәуелсіздігін айқындайтын конституциясы, заңдары мен территориялық аумақтары сондай ақ, сол территориялық тұтастығының кепілдігі бастау алатын Мемлекеттік шекарасы бар.
Егемендік алғалы бері шекара сызығымыз шегенделіп аумағы айқындалды. Еліміздің көптеген аймақтары, елді мекендері Мемлекеттік шекара шебіне жақын орналасқан. Соның бір мысалы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданымызға қарасты Жалғызапан, Қоңыртерек, Балқұдық, Азғыр, Асан, Қиғаш, Жыланды, Ақкөл, Шортанбай, Бөкейхан, Кудряшов елді мекендері Ресей Федерациясымен шектесетін шекара маңында орналасқан. Шекара маңында орналасқан жергілікті тұрғындар шекара маңында жүретін қарапайым қағидаларды жиі ұмытып, салғырттықтар таныту салдарынан Мемлекеттік шекарада өздерінің қасиетті борыштарын орындап жүрген шекарашылар арасында нақты Мемлекеттік шекара бұзушысын танып білуде және оларды тұзақтауда бірқатар қиыншылықтар тудыратындығы рас. Ішінара жағдайды тұрақсыздандыру, азаматтарымыздың тыныштығын бұзу мақсатында заңсыз ниетпен келген тұлғаларды анықтау кезінде де байқалуда.
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел тыныштығы үшін атқаратын жалпыға бірдей істі жүйелендіру мақсатында, Мемлекеттік шекара аймағында әрекет ететін режимдерін барша азаматтар бір адамдай басшылыққа алуға шақырамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №356 қаулысымен Мемлекеттік шекарадан ені 50 метрге дейін – карантиндік жолақ, 100 метрге дейін – шекаралық белдеу, 25 шақырымға дейін – шекаралық аймақ болып бекітілген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Мемлекеттік шекарасы туралы заңының талаптарын, яғни осы көрсетілген аралық ішінде кез – келген адам жеке басын куәландыратын құжатпен жүруі міндеттелетіндігін тағы бір рет ескеріп өтеміз. Сондай ақ, шекаралық аймақта жеке басын куаландарытын құжатсыз, шекаралық белдеуге кіруге арналған рұқсат қағаздарынсыз, ҚР аумақтық және іскі суларына жүзу құралымен шыққанда тисті рұқсат қағаздарынсыз жүрген азаматтар анықталған жағдайда, Шекара қызметінің өкілі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 510, 512, 514 баптарында көрсетілген талаптар негізінде заң алдындағы жауапкершілікке тартуға құзырлы және міндетті екендіктері жайында білгендіктері абзал. Мемлекеттік шекараны күзету тек шекарашылар ғана емес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы екендігін барлығы жан дүниелерімен сезінеді деген сенімдеміз! Мемлекеттік шекара күзетіне атсалысу әрбір азаматтың борышы. Ол жайында Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысында да ескерілген. Сонымен қатар қазіргі уақытта ҰҚК ШҚ Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы шекарашылармен мемлекеттік шекараны күзетуінде арнайы заманауи құралдарды соның ішінде пилотсыз ұшу құралдарын (ДРОН) жүйелі түрде қолдануда. Шекара маңында тиісті құжаттарды өздеріңізбен алып жүрулеріңіз сұралады!


