Құрманғазы ауданы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

(0 Votes)
3–5 наурыз аралығында Құрманғазы ауданы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында мал ұрлығын жасаған бір қылмыстық топ ұсталды. Олар бөтеннің мүлкін алдын ала сөз байласу арқылы жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша қаруды заңсыз иелену, сақтау және беру дерегі анықталды. Аудан тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қаруы тәркіленді.
 
Бұдан бөлек, аудандағы ет өнімдерін сату орындары, мал базарлары, сою пункттері және шаруа қожалықтары (қыстақтар) тексерілуде.
 
Заң талаптарын сақтау – баршаға ортақ міндет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT