Көрісу күнімен құттықтады

(0 Votes)

Қазақтың көптен күтетін мерекесі – Көрісу айт! Кеңес Одағы кезінде ұлтымыздың осы дәстүріне тыйым  салынсада халқымыз одан ажырамады. Бала кезімізде ата-аналарымыз үлкендерге көрісуге баратын. Үйде де қазан көтеріліп, дастархан жайылатын. Ол уақытта наурыз көже болмағанымен сары бауырсақ пен ақ ұсынылатын. Тәуелсіздік тұсында бұл мерекеге ерекше көңіл бөлініп, айшықтала түсті.

Осы игі дәстүрді жалғастырған Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектебінің директоры  Сандуғаш Қапуова мектептің әжелер тобымен, шәкіртімен  бірге білім бөлімін, редакция ұжымын құттықтап шықты. Ұлттық киім киіп сырнайлатып, әндетіп келген топты ұжым жақсы қарсылап, редакция ардагері, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, танымал ақын Таңатар Дәрелұлы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT