Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл аумағындағы қурап қалған шөптер тазартылып, тұрмыстық қалдықтар арнайы техника көмегімен белгіленген қоқыс алаңына шығарылды.

Сонымен қатар, елді мекен аумағын ретке келтіру және тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынды.
Аталған жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көркін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Өз тілшіміз


