Атырау облысы Әділет департаментімен «Дина» ірі сауда орталығындағы кәсіпкерлерге контрафактілік өнімдерді өткізуге жол бермеу, тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың құқықтық салдарын түсіндіру мақсатында сауда орталығына «Контрафактілік өнімге жол жоқ! Жалған өнім – нақты қауіп!» тақырыбындағы ақпараттық баннер орналастырылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану әкімшілік жауаптылыққа және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 222-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы көрсетілген.


