Конституция жобасы түсіндірілді

(0 Votes)

3 наурыз күні Бірлік ауылдық округінде Конституциялық реформаларды талқылауға арналған кеңейтілген жиын өтті. Шара округ әкімі Нұрдаулет Таңатарұлының төрағалығымен ұйымдастырылды. Жиынға ардагерлер, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, Аналар мен Әйелдер кеңесі, кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ауыл жастары қатысып, жоғары белсенділік танытты.

Кездесудің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, олардың қоғам мен азаматтар өміріндегі рөлін ашып көрсету болды. Жиын барысында реформалардың саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды тиімді етуге және азаматтардың құқықтарын күшейтуге бағытталған негізгі тұстары кеңінен түсіндірілді. Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіріп, еркін форматта пікір алмасу жүргізді.

Жиыннан кейін округ әкімі бастаған жұмыс тобы ауылдық округ аумағындағы балық өңдеу цехына барып, сол жерде еңбек етіп жүрген қызметкерлермен де жеке кездесу өткізді. Цех ұжымына Конституциялық реформалардың мазмұны түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Бұл кездесу жұмысшыларға ақпаратты тікелей жұмыс орнында жеткізуге, оларды да қоғамдық пікірталасқа тартуға мүмкіндік берді.

 

Округ аумағында жүргізілген бұл түсіндіру жұмыстары ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық белсенділікті күшейтуге және Конституциялық реформаларды кеңінен талқылауға жол ашты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026