Кездесу кешін өткізді

(0 Votes)
 
«Ұлттық кітап күні» апталығына орай аудандық орталықтандырылған кітапхана мен Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі жанындағы балалар кітапханасының кітапханашылары  Люба Дубина мен Гаухар Жолдығұлованың  ұйымдастыруымен «Кітап пен қаламгер» кездесу кеші өтті. Кеш қонағы Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің  тілшісі Қанат Ғұмаров пен «Текті әулеттің тамыры» атты кітаптың авторы, жоғарыда аталған мектептің ұстазы Гүлфара Құлбаева. Шараны балалар кітапханасының кітапханашысы Гауһар Жолдығұлова жүргізді. 
Кеш қонақтары өздерінің шығармашылықтары жайлы әңгімелеп, оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарды. Қатысушылардан тарих пәнінің мұғалімі Сымбат Рамазанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Саягүл Рысбекқызы жақсы әсер алғандарын жеткізіп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT