Кеңес Одағының батырына тағзым етілді

(0 Votes)

Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік шара аудан орталығындағы Ломоносов атындағы орта мектептегі Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Александр Афанасьевтің бюсті алдындағы алдында батыр рухына тағзым етумен басталды. Шарада аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов құттықтау сөз сөйледі. -  Бүгін біз адамзат тарихындағы ең маңызды күндердің бірі – Жеңіс күнін атап өтіп жатырмыз. Бұл – батырлық пен жанқиярлықтың, Отанға адал қызмет етудің символына айналған ұлы мереке. Біз аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігін, сол бір қиын-қыстау замандардағы төзім мен қайсарлықты еске аламыз. 80 жыл бұрын адамзаттың ең қанды соғысын тоқтатқан ерлерге бас иеміз- деп майданда және тылда еңбек еткен жандардың еңбегі мен ерлігін жоғары бағалады. Шара барысында мектеп оқушыларының әдеби сазды сәлемдемесі жолданып, патриоттық рухтағы әндер шырқалды. 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT