Қазақтың пірі – домбыра

(0 Votes)

Ұлттық домбыра күніне орай кітапханада өткен «Қазақтың пірі – домбыра» атты мерекелік шара ұлттық аспаптың тарихы мен мәдениетіміздегі орны туралы мазмұнды бейнероликпен ашылды.

Кітапханашы «Ұлттың үні – домбыра» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шараның қадірменді қонақтары – өнердің жанашыры, Д. Ғұмаров атындағы халық театрының белді әртісі, мәдениет саласында ұзақ жылдардан қызмет етіп келе жатқан аудан өнерпазы Заря Қуанышқызы, сондай-ақ Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің түлегі, бүгінде П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ІІ курс студенті, болашағынан зор үміт күттіретін жас домбырашы Ернұр Тәттімбекұлы қатысып, домбыраның адам тәрбиесіндегі орны мен күй өнерінің мән-маңызы туралы әсерлі әңгіме өрбітіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушы оқырмандар қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Шара соңында көрермендер Е. Ғайнетов, Т. Жаудин, Г.Тукестаева, З. Карсакова мерекелік кештен алған әсерлерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын осындай тағылымды кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT