Қарияға құрмет: Қайырымды сенбілік

(0 Votes)

Құрманғазы ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Қайырымдылық айы» аясында жалғызбасты ауыл қариясы В. Григорьевтің ауласында қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылды.

Ізгі шара барысында ақылы қоғамдық қызметкерлер қарияның ауласын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қайырымды іске атсалысқан жандар қарт тұрғынға қолдау көрсетіп, ауласының көркеюіне өз үлестерін қосты.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT