Жаңаталап ауылдық округ әкімдігі мен әжелер кеңесінің бастамасымен ардагерлер кеңесі бөлмесінде «Қанатты қыз – Хиуаз» атты арнайы бұрыштың ашылу салтанаты өтті. Онда Халық қаһарманының өмір және майдан жолынан тарихи суреттер мен тағылымды деректер көпшілік назарына ұсынылды. Әжелер кеңесінің төрайымы Нұрсұлу Каримова , округ әкімі Сұңғат Бралиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиев сөз сөйлеп, игі істің маңыздылығына тоқталды. Кеңес мүшесі Сәуле Сайыпқызы бұрыштың таныстырылымын жасады.
Айнагүл Шакупова
Қанатты қызға арналған бұрыш ашылды
- Информация о материале
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- : 66

