Қайырымдылықтың әсем үлгісі

(0 Votes)

«AG blond» салоны қайырымдылық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Салон иелері Умаргазиева Газиза мен Алина Казимованың бастамасымен бұл игі іс жүйелі түрде жалғасып, бүгінге дейін 6-шы қайырымдылық жоба жүзеге асырылды. 

Бұл жолы Кресты ауылының тұрғыны, 5 баланың анасы Арайға толықтай образ жасалды. Салон мамандары бет күтіміне толық өзгерістер енгізіп, жаңа образ қалыптастырды. Сондай-ақ, киіммен қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, «AG blond» салоны ай сайын осындай қайырымдылық жұмыстарын өткізіп тұрады. Бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ көпбалалы аналарға қолдау көрсеткен. Барлық қызметтер тегін түрде ұсынылып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT