Интернет алаяқтықтың алдын алу: түсіндіру жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде мектеп қызметкерлерінің қатысуымен интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жиналысы өтті.

Іс-шараға Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Темірболат Әділбек және криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Абылай Алиев қатысып, жиналғандарға киберқылмыстың кең таралған түрлері туралы жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, қаржылық пирамидалар, фишингтік сайттар және банк картасы деректерін ұрлау тәсілдері түсіндірілді.

Шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет алаяқтықтың алдын алу.

Кездесу соңында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң және қауіпсіздік тұрғысынан нақты жауаптар алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT