Жеңістің 81 жылдығына орай "AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия жанындағы "Жастар рухы" Жастар қанаты аудандық филиалы мен Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен ауданымыздағы мекемелер арасында ер азаматтардың қатысуымен интеллектуалдық куиз ойыны өткізілді.
Білім мен тапқырлық сынға түскен бұл шараға 12 команда қатысып, өзара үздік атану үшін бақ сынады.
Алты турдан тұрған интеллектуалдық куизда 1 орынды “Чемпион» командасы иеленді. 2 орынды «Ақыл орда» командасы иеленсе, 3 орынды “Теңіз сақшылары» командасы місе тұтты.
Шараның мақсаты — Жеңіс күнінің тарихи маңызын дәріптеу, патриоттық рухты нығайту, ер азаматтардың білім деңгейін арттыру және ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

