Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас дарын – 2026» облыстық өнер байқауы аясында ұйымдастырылған «Мен өмірді сүйемін!» онлайн эссе байқауында ауданымыздың жас оқырмандары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Басты тақырып – есірткінің зияны, өмір құндылығы және салауатты өмір салты. Мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау нәтижесін аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Анар Мусина қорытындылады. І орынды Орлы ауылдық кітапханасының оқырманы Аружан Шакупова иеленсе, ІІ орыннан аудандық орталық кітапхананың оқырманы Нұрайна Танатар көрінді.


Жүлделі ІІІ орын Орлы ауылдық кітапханасының оқырманы Гүлжайна Бәкімоваға бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 80 000, 60 000, 40 000 теңге ақшалай сертификат табысталып, дипломдар ұсынылды. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысып, шығармашылық ізденісі үшін Г. Каримова (Орталық кітапхана), А. Ізбасар (Қызылоба ауылдық кітапханасы), Н. Саясатова (Ақкөл ауылдық кітапханасы), А.Қыдырова (Теңіз ауылдық кітапханасы), Ж.Сабырғалиева (Орталық кітапхана) Алғыс хаттар тапсырылды.
Өз тілшіміз


