Елге қызмет етуге шақырды

(0 Votes)
 
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен  ҚМДБ-ның белгілі ұстазы, қазақ-араб университетінің түлегі, исламтанушы, республикалық  ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Ғазиз Ахметов аудандық мешіттерде өтетін «Рухани байланыс» рухани-ағартушылық кездесулер жоспарына сәйкес аудандық «Темірәлі» мешітінде болды. 
Намазхандармен кездесуде Ғазиз Нұртайұлы отанды қорғау, елді, туған жерді, салт-дәстүрді, рәміздерді құрметтеу жайлы Құраннан, хадистерден, өмірден мысалдар келтіре отырып әсерлі әңгімеледі. Туған жерін сүйген Пайғамбарымыз Меккеден Мединаға кетуге мәжбүр болғанда қимай қоштасқандықтан біз де өскен өлкемізді дәл солай жақсы көруіміз керектігін айтты. Пайғамбарымыз, Мединаға барғанда осы жерге берекет бере гөр деп тілегіндіктен, әрбір азамат Отанына болсын деуі, оған адал қызмет етуі, оның дамуы мен өсіп өркендеуіне өз үлесін қосуы қажеттігін жеткізді. Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарды.
Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT