Алматы қаласында жас педагогтардың шығармашылық әлеуетттін арттырып, білім беру жүйесін жетілдіруге кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» байқауы өтті.
Сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен 200-ге жуық қатысушы (жас мұғалімдер, психологтар, тәлімгерлер) өзара бақ сынады. Мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде Атырау облысынан 8 жас ұстаз қатысып жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде «Жас педагог» номинациясы бойынша облыс намысын қорғаған Құрманғазы ауданы, Еңбекші жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Диана Болатова жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жас маманның педагогикалық өтілі – 2 жыл.
А.Шакупова

