Орталықтағы Боздақтар ескерткішінде сұрапыл соғыс жылдары от кешкен қаһармандар рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Мәңгілік алау жанына гүл шоқтары қойылды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов пен аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері бастап гүл дестелерін қойды. Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, аудандық мәслихат, депутаттық корпус, аудандық сот, прокуратура, әскери шекара, қорғаныс істері, полиция, төтенше жағдайлар бөлімдері жалғастырды. Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі, ардагерлер одағының Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі, Чернобыль апаты зардабын жоюшылар қоғамдық бірлістігі, Семей ядролық полигонында сынақтардың зардабын жоюға қатысқандар, Таулы Қарабах этносаралық қақтығыстарға қатысқан ардагерлер және 20-ға жуық мекеме атынан гүл шоқтары қойылды. Жанын пида еткен боздақтарымыздың есімі – мәңгілік жадымызда. Әрбір жауынгердің тағдыры – тарихтың алтын әріптермен жазылған парағы. Олар ұрпақ болашағы үшін от пен оқтың ортасында жүріп, ерлік пен елдіктің биік үлгісін көрсетті.
Боздақтар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
- Информация о материале
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- : 46

