1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұжымда жағымды атмосфера құру, әдептілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында Құрманғазы ауданы әкімдігінің біріншілігі ұйымдастырылды. Аудандық спорт кешенінде өткен ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Зинетолла Мұқлесов сөз сөйлеп, спортты жанына серік еткен мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі. Аудандық біріншілікке аудан әкімі және мәслихат аппаратының «Бірлік», дербес бөлімдердің «Қуаныш», Құрманғазы, Еңбекші, Мақаш, Теңіз ауылдық округтерінің «Достық», Орлы, Жаңаталап, Нұржау, Ақкөл, ауылдық округтерінің «Алтын Орда», Бірлік, Сафон, Кудряшов, Бөкейхан ауылдық округтерінің «Қиғаш», Шортанбай, Дыңғызыл, Көптоғай, Қиғаш ауылдық округтерінің «Арлан» құрама командалары қатысты.
Бірлік күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық біріншілік өтті
- Информация о материале
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- : 84

