БІЛІМДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ: АУДАН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАБЫСЫ

(0 Votes)

Білім беру саласындағы жаңашылдық пен иновацияның тоғысқан заманында кәсіби дамуға бағытталған игі бастамалар өз жемісін беруде. Соның жарқын дәлелі — Құрманғазы ауданындағы ұстаздардың республикалық деңгейдегі жетістіктері.

Аудан мектептерінің ішінен Еңбекші жалпы орта мектебі, Ы.Алт ынсарин жалпы орта мектебі және М. В. Ломоносов жалпы орта мектептерінің ұстаздары - заманауи білім берудегі жаңа қадам жасауда. 
«DARYN TEACHER» ізгілікті ұстаздар қауымдастығының daryn.ai әлеуметтік желісі және ҚР Білім және ғылым басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған Амирханова Сара Бекетқызы, Битекенова Жанаргүл Өтежанқызы және Шиямеденова Бибігүл Нұрлығайынқызы заманауи білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға бағытталған маңызды білім алаңында топ жарды. Айта кетейік, Сара Бекетқызы -  "Еңбекші жалпы орта мектебі" КММ, қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, филология магистрі, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Жанаргүл Өтежанқызы - “М. В. Ломоносов мектебі”КММ, Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші маман, Бибігүл Нұрлығайынқызы-
"Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі" КММ, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Аталған бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 5 мыңға жуық педагог қатысып өз жұмыстарын ортаға салса, “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” болып үздік деп танылған 400 педагог іріктеліп, олардың арасынан ауданымыздың жаңашыл ұстаздары өздерінің кәсіби біліктілігі мен жаңашыл көзқарастарын дәлелдеп, Астана қаласында өтетін Хакатонға қатысуға жолдама иегерлері атанды.
Бұл — тек бір ұстаздың ғана емес, тұтас аудан білім саласының жетістігі. Қуаныштысы, Құрманғазы ауданынан үш бірдей педагог іріктеуден өтіп, алдағы мамыр–маусым айларында өтетін Астана Хакатонына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ауданымыздағы білім сапасының жоғары деңгейде екенінің айқын көрсеткіші.
Мұндай жетістіктер — ұстаздардың үздіксіз ізденісі мен кәсіби дамуға деген ұмтылысының нәтижесі. Білім беру саласына инновация енгізіп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеру — бүгінгі күннің басты талабы.
Ауданымыздың ұстаздарына қолдау білдіріп, осы зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы Хакатонда сәттілік тілейміз. Олардың шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігі жаңа белестерді бағындырып, халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жетелей беретініне сеніміміз мол.
Осындай жаңашыл, ізденімпаз педагогтар барда білім беру саласының болашағы жарқын болары сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT