«Белес биігіндегі беделді болмыс»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде ұзақ жыл ауданың ауыл шаруашылығы саласында, мемлекеттік қызметте жемісті еңбек еткен Асқар Зинетоллаұлы Мұфтахтың зейнет жасқа толуына орай мәдени шара ұйымдастырылды.

Алдымен мерейгерге «Құрманғазы», «Мақаш», «Еңбекші ет кешені» өндірістік кооперативтері және «Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымдары атынан ат мінгізіліп, құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиын мерейтой иесінің өмір және еңбек жолдарынан кең мағлұмат беретін бейнефильммен басталды. Еселі еңбегімен өңір экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосып, ел алғысын алған азаматты аудан әкімі Абат Жанғалиев құттықтап, мемлекет мүддесі үшін атқарған игі ісіне үлкен ризашылығын білдірді. Мемлекеттік қызмет саласындағы ізбасарларына үлгі-өнеге болар елеулі еңбегі үшін облыс әкімі С.Шапкеновтің және өзінің Алғыс хаттарын тапсырып, иығына шапан жауып ілтипатын жасады. Мұндай құрметті оның зайыбы Клара Қасиетқызына да көрсетті.

Ауданның Құрметті азаматтары Өмірзақ Қажымғалиұлы, Таңатар Дәрелұлы, Жұмақай Мұғалұлы, Рифхат Мұғалімұлы, Амантай Әділханұлы мінберге көтеріліп ел ағасы санатына енді ғана қосылып жатқан інілеріне ақ тілектерін арнап, Зинетолладай әке жолын лайықты жалғаған ұлға қошеметтерін көрсетті. Келесі кезектерде ауыл әкімдіктері, дербес бөлімдер, ұжымдастары атынан Абдуррахман Муса, Жігер Жанханов, Нұрлыбек Төлепов  сөйледі. Мерейгердің еңбек жолының бастауы болған жаңаталаптықтардың тілегін Сұңғат Бралиев, екі мерзім әкімі болған орлылықтардың құттықтауын қазіргі ауыл басшысы Жандос Бектеміров жеткізді. Бұдан соң да құрдас-сыныптастарына, бауырларына да кезек жетіп, құрмет иесін ыстық ықыластарына бөледі. Асқар Зинетоллаұлы осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырған аудан әкімдігіне, қуанышын бөлісе келгендердің баршасына және  әсерлі кештің шырайын келтірген аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарына алғаусыз алғысын айтты.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT