Батыр рухына тағзым 

(0 Votes)
 
Жаңаталап ауылдық округіндегі «Хиуаз саябағында» аудандық аналар кеңесі ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп Халық қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш-штурман, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізіп, рухына тағзым етті. Алғашқы лекті аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева мен облыстық мәслихат депутаты Зәмзагүл Карсакова, мәслихат депутаты Әнуарбек Сәбитовпен бастады. Батырдың ағайындары, шөбересі Жұмажан Хиуаз Доспанқызы бастаған ұрпақтарымен бірге, сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мерей Әжігереев, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Сұңғат Бралиев, округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиев лекті жалғастырды. Полиция бөлімі, аудандық және округтік аналар кеңестерінің мүшелері мен клуб белсенділері, аудандық орталықтандырылған кітапхана, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ұжымдары гүлдестелерін қойды. 
Шарада мәдениет үйі әзірлеген концерттік бағдарлама тамашаланып, облыстық мәслихат депутаты Зәмзагүл Карсакова, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева, туыстары атынан Болатбек Сайыпұлы, аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова сөз сөйлеп, батыр әжемізді әрқашан еске алу, оның рухына тағзым ету, ерлігі мен еңбек жолын кейінгі буынға насихаттау баршаның міндеті екенін алға тартты.
Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT