Азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру қажет

(0 Votes)


Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жыл сайын артып келеді. Азаматтық бастамаларды қолдау, қоғамға пайдасын тигізетін іспен айналысу бүгінде маңызды міндеттердің біріне айналды. Осы бағыттағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен алдағы міндеттер аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі кеңес отырысында жан-жақты қаралды. Ауданда тіркелген ҮЕҰ-дың жыл сайын уақтылы дерекқорға  өз есептерін тапсыру, олардың атқарған жұмыстары туралы мәселе күн тәртібіне шығарылды. Кеңес төрағасы Қайрат Бөлеков аталған мәселелер бойынша баяндама жасау үшін хабарламашыларға сөз берді. Аудада 9 ҮЕҰ тіркелген. Іс жүзінде олардың аз ғана бөлігі жұмыс жасап отыр. Сондықтан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мерей Әжігереев олардың белсенділігін арттыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобаларға қатысу қажеттігін айтып, өз тараптарынан әдістемелік көмектер үнемі көрсетілетінін жеткізді. «Құрманғазы-туған жер» қоғамдық қорының төрағасы Азамат Абдуллаев бүгінде тұрақты түрде жолға қойылып, тұрғындардың сұранысына ие болып отырған жарқын жобаларына тоқталып, проблемалық мәселесін де қозғап алдағы жоспарларымен бөлісті. «Елім саған аманат» қоғамдық қорының төрағасы Серік Баязитов үкіметтік емес ұйымның жұмысын жандандыру үшін әлі де білімін кеңейтіп, түрлі оқуларға қатысып жүргендігін айтты. Комиссия төрағасы Қайрат Қуандықұлы, кеңесті қорытындылап, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT