Ауылға бет бұрған жас маман

(0 Votes)

Құрманғазы ауданындағы Балқұдық ауылында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас дәрігер еңбек етуде. Шымкент қаласының тумасы Мейрамбек Әбдіралиев ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп, тәжірибе жинақтауда.

Жас маман 2024 жылы Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдап, еңбек жолын Құрманғазы аудандық емханасында бастаған. Бір жылдық тәжірибеден кейін Балқұдық ауылына ауысқан.

– Ауданға жұмысқа келуіме байланысты медицина қызметкерлеріне берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алдым. Ауылдан үй берілді. Қазір осында жұмыс жасап, тәжірибе жинап жатырмын. Тұрғындардың денсаулығы жақсы, – деді Балқұдық емханасының аға дәрігері Мейрамбек Әбдіралиев.

 *Әділет ҚАНАТҰЛЫ*

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT