Аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне  басшы тағайындалды 

(0 Votes)

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы заңының 17 бабы 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша  департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Еркебабевтың 2026 жылғы 30 маусымдағы келісім хаты негізінде, аудан әкімінің 2026 жылғы 30 маусымдағы №201-Ө өкіміне сәйкес конкурстық іріктеусіз 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Бралиев Сұңғат Мұхамбетжанұлы тағайындалды.

Бралиев Сұңғат Мұхамбетжанұлы 1975 жылы 2 наурызда Атырау облысы(Гурьев), Теңіз ауданы, Киров селолық советінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Мәдени тынығу» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолы:
2000-2002 жылдары Киров селолық клубында музыкант болып бастаған.

2002-2013 Киров селолық клубының директоры.

2013-2022 Жаңаталап кулубы жанындағы «Зәмзәм Исмагулов атындағы» Халық театырының режиссеры.

2022 жылдан 2026 жылдың маусым айына дейін Жаңаталап ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келді.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT