Ауданда - жаңа прокурор

(0 Votes)

 

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің қатысуымен жиын өтіп, ауданның жаңа прокуроры таныстырылды. Атырау облысы прокурорының орынбасары Арман Мұқанбетқалиев, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ротациялау тәртібі негізінде Тұрғанов Аслан Тұрғанұлын  Құрманғазы ауданының прокуроры болып тағайындалғанын хабарлады. Ол жаңа прокурордың  еңбек жолына тоқталып, құқық қорғау саласында жинақтаған мол тәжірибесі аудандағы заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өз үлесін қосатынына сенім білдірді. Өз кезегінде сөз алған Аслан Тұрғанұлы көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, өзіне жүктелген міндеттің үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Жиын барысында Атырау облысы прокурорының орынбасары Арман Мұқанбетқалиев 2024 жылдан бері Құрманғазы ауданының прокуроры қызметін атқарған Абзал Смағұлұлы Сахиевқа заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі және жергілікті атқарушы органдармен қалыптастырған нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Аудан әкімі Абат Жанғалиев сөз сөйлеп, Абзал Смағұлұлының аудандағы қызметіне жоғары баға беріп, Алғыс хатын ұсынды. 
Сондай-ақ аудан басшысы жаңадан тағайындалған Аслан Тұрғанұлына жауапты қызметінде табыс тілеп, ауданның құқықтық тұрақтылығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса сөз сөйлеп, Абзал Сахиевқа атқарған жемісті еңбегі үшін ризашылықтарын білдіріп, өңірге келіп жатқан жаңа прокурордың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ауданда - жаңа прокурор

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің қатысуымен жиын өтіп, ауданның жаңа прокуроры таныстырылды. Атырау облысы прокурорының орынбасары Арман Мұқанбетқалиев, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ротациялау тәртібі негізінде Тұрғанов Аслан Тұрғанұлын  Құрманғазы ауданының прокуроры болып тағайындалғанын хабарлады. Ол жаңа прокурордың  еңбек жолына тоқталып, құқық қорғау саласында жинақтаған мол тәжірибесі аудандағы заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өз үлесін қосатынына сенім білдірді. Өз кезегінде сөз алған Аслан Тұрғанұлы көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, өзіне жүктелген міндеттің үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Жиын барысында Атырау облысы прокурорының орынбасары Арман Мұқанбетқалиев 2024 жылдан бері Құрманғазы ауданының прокуроры қызметін атқарған Абзал Смағұлұлы Сахиевқа заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі және жергілікті атқарушы органдармен қалыптастырған нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Аудан әкімі Абат Жанғалиев сөз сөйлеп, Абзал Смағұлұлының аудандағы қызметіне жоғары баға беріп, естелік сый-сияпатын ұсынды. 
Сондай-ақ аудан басшысы жаңадан тағайындалған Аслан Тұрғанұлына жауапты қызметінде табыс тілеп, ауданның құқықтық тұрақтылығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса сөз сөйлеп, Абзал Сахиевқа атқарған жемісті еңбегі үшін ризашылықтарын білдіріп, өңірге келіп жатқан жаңа прокурордың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Аслан Тұрғанұлы прокуратура органдарында 2007 жылдың наурыз айынан бастап Атырау облысы Жылыой, Исатай аудандары, Атырау қаласы прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі, Исатай ауданы прокурорының орынбасары, жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі облыс прокурорының көмекшісі, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Атырау облыс прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
2023 жылдың мамыр айынан бастап күні бүгінге дейін Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT