Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өту аясында «Наурызнама» онкүндігі жарияланған болатын.
Соның аясындағы ерекше мәні бар күндердің бірі – Тазару күні. Бұл күн – тазалық пен тәртіптің, жаңару мен ізгіліктің жарқын көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау, туған жерге жанашырлық таныту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Осыған орай аудан көлемінде жалпыұлттық экологиялық акция ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенді түрде атсалысты. Көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазару күні – бұл жай ғана сенбілік емес. Бұл – әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін нақты іспен дәлелдейтін маңызды күн.
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды тазалықты сақтауға, туған өлкеміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз. Тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастап, қоқыс жәшіктерінің айналасына көлемді қалдықтарды қалдырмауларыңызды сұраймыз.

