22–23 сәуір күндері Мүгедектердің спорттық клубына қарасты Балықшы спорт кешенінде тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында жастар мен ересектер санаты бойынша облыстық чемпионат өтті. Аталған жарыс Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу кезеңі саналады.
Чемпионатқа Махамбет, Жылыой, Мақат, Құрманғазы және Индер аудандарынан келген спортшылар қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты өткен додада біздің ауданның спортшылары да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, ересектер арасында (ККТ) Жігер Батырғалиев ІІ орынды иеленсе, жастар арасында (ККТ) Амирлан Алипқалиев ІІ орын алды. Сонымен қатар, жастар арасында (ТКАЗ) Артем Эдуардұлы ІІ орынға қол жеткізіп, Еркебұлан Қылышболатов ІІІ орынмен жарысты қорытындылады.
Осылайша, біздің аудан спортшылары облыстық чемпионатта лайықты өнер көрсетіп, алдағы республикалық додаға жолдама алуға мүмкіндік алды.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ

