Жылой ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында “Спорт - денсаулық пен тәртіп негізі” атты облыстық спартакиада өтті.
Жарысқа 6 аудан мен 1 облыстық команда қатысып, барлығы 7 команда бойынша 150-ге жуық мемлекеттік қызметші шағын футбол, волейбол, жүзу және киберспорт түрлері бойынша бақ сынады. Спартакиаданың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту. Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде ауданымыздың командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. 50 м қашықтыққа жүзуден ерлер арасында Бірлік ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Дарелов І орынды жеңіп алса, қыздар арасында Сафон ауылдық округінің бас маманы Гүлжазира Абенова ІІ орыннан көрінді. Волейболдан құрманғазылық командаға жүлделі ІІ орын бұйырды.

