«Астана – елімнің мақтанышы» атты интеллектуалдық QUIZ TIME ойыны өтті

(0 Votes)

2026 жылғы 30 маусым күні «Балбөбек» бөбекжай-бақшасында ата-аналар арасында «Астана – елімнің мақтанышы» тақырыбында «QUIZ TIME» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың елорда туралы білімдерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Зияткерлік сайысқа ата-аналардан құралған «Бәйтерек», «Самұрық» және «Елорда» атты үш команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар Астана қаласының тарихы, көрікті орындары, сәулет нысандары, мәдениеті, дамуы және елордаға қатысты қызықты деректер бойынша білімдерін сынға салды.

Интеллектуалдық ойын бес кезеңнен тұрды. Әр кезеңде командалар сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша барлық командалар дипломдармен марапатталды. Іс-шара достық пен сыйластық атмосферасында өтіп, ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.

Осындай тағылымды іс-шаралар ата-аналардың танымдық белсенділігін арттырып, балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT