«Ашық есік» күні өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына отбасы мәселелері бойынша құқықтық, әлеуметтік және психологиялық кеңес беру, азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдап, тиісті мамандардың көмегін ұсыну, сондай-ақ отбасындағы қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылықты арттыру.

Аталған «Ашық есік күніне» Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры Әсем Құмарова, Құрманғазы АПБ ҚҚБ бастығы, полиция майоры Талғат Исаев, аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Артём Мырзабеков, аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Айгүл Мирасова, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция майоры Гауһар Кулжанова, аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Анарбек Баймұханов, бөлім басшылары Зәмзагүл Карсакова, Альберт Бисенғалиев, орталықтың заңгері Арайгүл Тоғаева, психологы Жазира Болатова қатысып, тұрғындармен пікір алмасып, өз бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Туындаған сұрақтарға жауап қайтарды.

Шара барысында қатысушы тұрғындарға құқықтық кеңес беріліп, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету мәселелері талқыланды. Осындай бірлескен іс-шаралардың тиімділігі – қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және тұрғындарға қажетті көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік беретіні анық. Отбасы – қоғамның берік негізі, оған қолдау көрсету – баршамызға ортақ міндет!

Айнагүл Күнұзаққызы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT