Архив және болашақ ұрпақ

(0 Votes)

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві»  мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалында «Ашық есік» күні өткізілді. Оған Құрманғазы аграрлы-техникалық колледж ұстаздары мен студенттері, Абай, М.Әуезов, М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. 

Филиал басшысы Б.Вахитов  жалпы шараның мақсаты мен маңызын қысқаша түсіндіріп өтті. Архивист Ж.Дюсалиева экскурсия жасап, архив мекемесінің жалпы жұмысымен таныстырды. Бірінші қабаттағы құжаттар сақталған қойманы көрсетіп, ондағы құжаттар туралы мәлімет берді. Мемлекеттік есепте сақтауда тұрған қордағы құжаттарды сақтау, сапасын жоймай күтіп ұстау, жойылып кетуіне жол бермеу бағытында жасалынып отырған жұмыстарға тоқталды. Екінші қабаттағы оқырман 1926 жылдан басталатын араб, латын әріптерімен жазылған құжаттардан, жеке тектік және фотоқұжаттардан жасақталған көрмемен, «Архив тынысы» тақырыбында жасалған джокер стендтпен таныстырды. Архив филиалы құжаттарды қабылдап, сақтаумен ғана шектелмей ондағы құжаттарды насихаттау бағытында жоспарға сәйкес саяси іс-шаралар ұйымдастырылып тұратыны, өткізілген шарадан фотосуреттер мен жергілікті «Серпер» газетінде мақалалар жарық көріп, әлеуметтік желілерде жарияланатындығы туралы айтылды.  

Сақтаудағы құжаттарды сканерлеу арқылы цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізіліп, Е-архив ақпараттық жүйесіне енгізілетіндігі назарға берілді. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі көрсетілетіндігі, мекеме ұйымдардағы құжаттардың мемлекеттік архивке тапсырылуы бағытында әдістемелік көмек беріліп, түрлі жұмыстар жүргізілетіндігі қатысушыларға айтылып, көрсетілді. 

Қатысушылар үшін тілек жазуға арнап дайындалған мольбертке оқушылар, ұстаздар өз тілектерін, алған әсерлерін жазып қолтаңбаларын қалдырды. Сонымен қатар «ашық есік» күніне арнайы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ғылыми жобалармен айналысып жүрген екі оқушысы жетекшісімен келіп, өздеріне қажетті мәліметтерін сұрап, жауабын алды. «Ашық есік» күніне келушілерге филиал басшысы Б.Вахитов ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен естелікке кітап сыйлады.

Азамат ҒАЗИЗ,
студент

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT