Бүгін коалиция мүшелері Берик Анесов пен Балағазы Имангалиев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Үздік өлкетанушысы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет және журналистика салаларының ардагері Ғұмаров Асқар Дүйсенғалиулымен кездесті.
Ардагер өз тәжірибесімен бөлісіп, реформалардың табысты жүзеге асуы қоғам мен медиа арасындағы сенім мен ашық диалогқа байланысты екенін атап өтті. Кездесу мазмұнды пікір алмасу форматында өтіп, өзара түсіністік пен сабақтастықты нығайтуға ықпал етті.

