Көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында тағылымы мол, жүрекке жылу сыйлаған «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты кездесу кеші өтті. Оны аудандық орталықтандырылған кітапхана, Құрманғазы ауылдық аналар кеңесі, Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Кештің құрметті қонақтары – ерекше бала тәрбиелеп отырған ардақты аналар Жанаргүл Ибрайымқызы, Әсел Тарасқызы, Гүлмаржан Бақтығалиқызы, Гүлмайра Сәрсенбайқызы, Айысгүл Сатыбалдықызы. Алдымен ауылдық округ әкімі Абдуррахман Рахметұлы мейірімі мен төзімі, қажыр-қайраты баршаға үлгі асыл жандарға алығысын білдіріп, мерекемен құттықтап, Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.





Кездесу барысында қонақтарға жүргізушілер тарапынан сұрақтар қойылып, сыр-сұхбат ұйымдастырылды. Кештің көркін қыздырған аудан өнерпаздары Е.Айсын, А.Бауыржанқызы, Қ.Сайфуллин, Н.Абижанов, А.Сембаев ана туралы әндерін шырқады. А.Қалыбайұлының монологы әсерлі шықса, А.Райымбекқызы»Ана бейнесі» және «Позитивті дүкен» тренингтерін өткізіп, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Кешті аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қорытындылады.
Айнагүл Шакупова

