Аудандық ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен Сафон ауылдық округіне қарасты Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектебінде Халықаралық қариялар күніне орай “Адал азамат - ел ардақтысы" тақырыбында ауданның еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.
Шараға мектептің ұстаздары мен 10-11 сынып оқушылары, мектеп директоры С.Жұпарғалиев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Есенғазиев, төрағаның орынбасары Б.Темиров, мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әжігереев, Б.Өтеулиев, Н.Хұсайынов, С.Хабибуллин, А.Хұсайынов қатысты. Кездесудің мақсаты - жастарды қарияларды құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, жауапкершілікке, заң мен тәртіпті сақтауға, бірлікке үйретіп, білімді, білікті болуға тәрбиелеу. Кездесуге арнайы шақырылған алдыңғы буын ағалар, еңбек ардагерлері Қазақстан Республикасының Журналистер мен Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист "Ерен еңбегі үшін" медалінің, "Құрмет" орденінің иегері Т.Дарелов, ұлағатты ұстаз, Қ.Мырза Әлі атындағы орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары М.Молдашева және байырғы балықшы, егінші, шаруа қожалығының басшысы Х.Темиров өз өмір жолдарынан өнегелі әңгімелерін айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, өскелең жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор тілектерін арнады. Өз кезегінде оқушылар арнайы ұяшықтарға жасырылған сұрақтарды таңдап ашып, жазылған сұрақтарға толымды пікірлерін айтып жауап беріп отырды.
Шара барысында мектеп директоры С.Т.Жұпарғалиев, аудандандық әікмшіліктің ішкі саясат бөлімі басшысы М.Е.Әжігереев сөз алып, құттықтау сөздерін арнады. Кездесуді аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Есенғезиев ашып, кең көлемде тартымды етіп жүргізіп отырды. Шараның жарасымды, қызғылықты көтеріңкі көңіл күйде өтуіне мектеп оқушылары мерекелік ән мен жырдан шашу шашып атсалысты. Еңбек ардагерлерімен кездесу кешінің соңында шақырылған қонақтарға мерекелік құрмет көрсетіліп, Атырау облысы ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Л.Джылкышиеваның Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді





