Жылыой ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қала көшелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында жол бойындағы аумақтар қоқыстан тазартылып, көше жиектері ретке келтірілуде. Сонымен қатар шаң-тозаңнан тазарту жұмыстары атқарылып, қоғамдық орындардың тазалығы мен көркін сақтау бағытында тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуі – қаланың көркейіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Қаланың таза әрі көрікті болуы тек тиісті жұмыстарға ғана емес, әр тұрғынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігіне де байланысты.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Осы ретте тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және туған өлкенің көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамыз.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ


