ЖОЛШЫЛАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

(0 Votes)

Атырау облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жол саласы қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау филиалы және «ҚажСервис» ЖШС Атырау филиалының қызметкерлері бірлесіп, Атырау–Астрахань республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында сенбілік ұйымдастырды.

Акция барысында жол жиегінде жиналған тұрмыстық қалдықтар, пластик құтылар және табиғи факторлар салдарынан жиналған құм-топырақ толықтай тазартылды. Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен эстетикалық келбетін сақтау мақсатында арнайы техникалар мен жұмыс күші жұмылдырылды.

 Сонымен қатар, акция аясында жол бойымен жүріп келе жатқан автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларға қоқыс салуға арналған арнайы пакеттер таратылып, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарап, жол бойын ластамауға шақырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық акциялар тек тазалық жұмыстарын атқару ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға, жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған маңызды бастама.

Аталған шара «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының аясында тұрақты түрде жалғасып келеді және өңірдің барлық аумағын қамтитын болады. Жол қызметі мамандары алдағы уақытта да мұндай игі бастамаларды жүйелі түрде өткізіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосуды жалғастыратынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT