ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ СУАРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

(0 Votes)

Қазіргі таңда аудан аумағында 5 мыңнан астам тал-терек жайқалып өсіп, елді мекендердің көркіне көрік қосып отыр. Жасыл желектердің жайқалып өсуі үшін оларды уақытылы суарып, күтіп-баптау маңызды.

Осы мақсатта  “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жасыл желектерді суаруға бағытталған жалпыұлттық сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – туған өлкенің тазалығы мен көгалдануына, сондай-ақ абаттандырылуына үлес қосу, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Сенбілікке аудан тұрғындары, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері белсене қатысып, жасыл желектерді суарып, олардың күтіміне көңіл бөлді.

Табиғатты қорғау мен туған өлкені көркейту – баршаға ортақ міндет. Әрбір талға жасалған қамқорлық – ауданның ажарына қосылған үлес.

MT

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT