“Жолашар” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қайырымдылық шарасы өтті.
Шараның басты мақсаты – жас буын арасында достықты нығайту, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру және қоғамда мейірім мен бірлікті дәріптеу.
Іс-шара барысында өңірдегі шығармашылық орталықтардың өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Олар күй тартып, мың бұрала би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, “Жолашар” қоғамдық қоры 2022 жылдан бері өңірде әлеуметтік, мәдени және тәрбиелік маңызы зор жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, қор бастамасымен түрлі қайырымдылық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

